Тәуелсіздік күні мерекесі  қарсаныңда, біздің балабақшамызда қызықты іс- шаралар өтті. Балалар өз қолдарымен көрме әзірледі, ұйымдастырылған ойындарға белсене қатысты

"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің" Петропавл қаласының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Нұр бөбек" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны филиалы (мекенжайы: 150000 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ж. Жабаев атындағы көшесі 80; тел:. 70-16-53,электрондық пошта: filial.nurbobek@mail.ru қазақ тілінде оқытатын  топқа тәрбиешінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы жараялайды.

Тәрбиеші 1 ставка бос лауазым

Қосымша ақыларды (біліктілік санаты, ЕББҚ бар балалармен жұмыс) және жұмыс өтілін есепке алмағанда біліміне (арнаулы орта/ жоғары) байланысты базалық лауазымдық жалақысы. Лауазымға үміткерге қойылатын біліктілік талаптары:

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша "мектепке дейінгі білім беру" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Лауазымдық міндеттері:

балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда Денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен жас тобын оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

режимдік сәттерді ұйымдастырады және өткізеді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгілік гимнастика, күн ішінде тамақтану, балалардың іс-әрекетін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және басқалар), серуендеу, күндізгі ұйқы, жеке жұмыс, сауықтыру іс-шаралары, пәндік-дамытушылық орта жасайды);

балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде тәрбие-білім беру қызметін жобалайды;

мектепке түсу кезінде тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім беру ортасына әлеуметтендіруді жүзеге асырады; мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар әрбір балаға жеке көзқарасты қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеу, жалпылау, тарату және енгізумен айналысады;

мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беріп, көмек көрсетеді.

19. Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;

педагогикалық этика нормалары;

Психология және педагогика, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;

еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.

20. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: модератор-педагог және сарапшы-педагог үшін кемінде 2 жыл, зерттеуші-педагог кемінде 3 жыл, Шебер-педагог үшін-5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің орташа деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл;

педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады:

1) хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075 у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9)ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

11) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 15 минут, ең төменгі рұқсаты – 720 x 480 өтілі жоқ бейнепрезентация.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Құжаттар хабарландыру ресми жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: 150000 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ж.Жабаев атындағы көшесі 80; тел:, 70-16-53, электрондық пошта: filial.nurbobek@mail.ru

Анықтама телефоны: 8 (7152) 53-35-53

Конкурстық рәсімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 30 наурызда № 7495 болып тіркелді.

“Ұстазыңды құттықта”

 

Біздің командамен танысыңыз

Гүлден

 

Серікова

педагог-модератор

еңбек өтілі 7 жыл

  Жайлаубаева

Айнұр    

педагог-модератор

еңбек өтілі 5 жыл

Жанна

Тюлеева

педагог-модератор

еңбек өтілі 10 жыл

Карбаева

Райгүл

педагог-модератор

еңбек өтілі 20 жыл